«Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау рәсімдерін практикалық тұрғыдан қолдану жолдары» атты тақырыбындағы қалалық семинар

2016 жылдың 4 қараша күні Қарағанды облысы білім беруді дамыту- дың оқу  әдістемелік орталығының жоспарына сай «Шахтинск қаласы әкімдігінің  Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» ММ-нде «Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау рәсімдерін практикалық тұрғыдан қолдану жолдары»  атты тақырыбында «Шахтинск қаласының білім беру» ММ әдіскері А.Ж.Жунусованың басқаруымен семинар ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты:  жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру бойынша әдістемелік көмек көрсету.
         Семинарға қала мектептерінің 1 сыныпқа сабақ беретін барлық мұғалімдері қатысты. Семинардың ашылусалтанатын Ә.Бөкейханов атындағы  мектеп-лицейінің директоры А.М.Есмағанбетов ашты. Бастауыш сыныптар бойынша жаңартылған білім мазмұнына сәйкес нормативтік-құқықтық құжаттарымен қалалық білім бөлімінің әдіскері А.Ж.Жунусова жан-жақты талқылап, әр нормативтік-құқықтық құжатына тоқталып өтті.
        Тәжірибе алмасу мақсатында «Оқыту және білім берудегі жаңа тәсілдер» тақырыбында Ә.Бөкейханов атындағы  мектеп-лицейінің 1-сынып мұғалімі А.Т.Альханова  шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сағатында оқыту және білім берудегі жаңа тәсілдердің бірнеше түрін көрсетті. Шеберлік сағаты жоғарғы деңгейде өтті.
«Бағалау мазмұны және бағалауды рәсімдеу туралы. Қалыптастырушы бағалау» тақырыбына арналған тапсырмалар құрастыру тренингін А.Б.Жексембекова өткізді. Тренинг барысында қалыптастырушы бағалау жөнінде мағұлмат берілді және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар орындалды. Аман Батырхановна өз тәжірибесімен бөлісе отырып, күнделікті сабақ барысында қалыптастырушы баға қалай жүріп отыратынын  интербелсенді тақта арқылы көрсете отырып, нақты түсіндіріп берді.
Бағалау мазмұны және бағалауды рәсімдеу туралы. Қалыптастырушы және жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар құрастыру тренингіне жауапты қаламыздың  №9 жалпы білім беру мектебі және 5 гимназияның 1 сынып ұстаздары З.А.Секербаева мен Г.З.Адибековада өз тәжрибелерімен бөлісе білді. З.А.Секербаева мен Г.З.Адибекова «Қалыптастырушы және жиынтық  бағалау» туралы толық мағұлмат бере отырып, мұғалімдермен бірге талқылап өтті.
Ә.Бөкейханов атындағы  мектеп-лицейінің 1 сынып мұғалімі Г.Ш.Ауезханова семинарға келген мұғалімдерге оқушы портфолиясы жайлы түсіндіре отырып, портфолиоға салынатын құжаттар туралы айтып өтті. Өз сыныбының оқушыларымен жүргізіліп отырған портфолиосын көрсетті. Одан басқа Ә.Бөкейханов атындағы  мектеп-лицейінің оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Ж.Култасова оқушы портфолиосын толтыруда уақытты тимді пайдалану керектігі жайлы өз ұсынысын да ортаға салып өтті.
  Семинарды қортындылау мақсатында «Бәрі біздің қолымызда» атты рефлексияда ұсыныстар айтылды.
   «Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау рәсімдерін практикалық тұрғыдан қолдану жолдары»  атты тақырыбында семинар  өте жоғары деңгейде өтті.  

Комментариев нет: