«Білім берудегі өзгерістер аясын кеңейту: апробация және тарату» атты қалалық семинар

2017 жылы 24 ақпанда Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп – лицейінде «Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату, оқытудағы жаңа тәсілдер мен әдістемелермен бөлісу»  мақсатында «Білім берудегі өзгерістер аясын кеңейту: апробация және тарату» атты қалалық семинар өтті.
Семинар үш блоктан тұрды: І блок бойынша мектепте жүргізілетін факультатив пен үйірме жұмыстарының нәтижелері көрсетілді. ІІ блок барысында мектеп-лицейінің 30 мұғалімі заманауи әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, ықшам сабақтарын беріп шықты. ІІІ блок кезеңінде мектептің акт залында тәрбие жұмысының, әсіресе «Бір кітап, бір аймақ» атты облыстық жобаның қол жеткізген жетістіктері келген ұстаздардың көңілінен шықты. Семинар қорытындысында қала мектептерінен келген 32 мұғалім тың, қажетті әдіс-тәсілдер алып кетті деген ойдамыз.


  


 




Комментариев нет:

Отправить комментарий